18.03.2021, 23:21 14686

Қос азаматтығы үшін қанша шенеунік жұмыстан босатылды

Мемлекеттік қызметшілерде қос азаматтықты анықтау бойынша белсенді іс-шаралар 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүргізіледі.
Нұр-Сұлтан. 18 наурыз. Kazakhstan Today - ОКҚ брифингінде МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров шенеуніктердің қос азаматтықты анықтау фактілері туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерде қос азаматтықты анықтау бойынша белсенді іс-шаралар өткен жылдың бірінші қыркүйегінен бастап, яғни Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған сәттен бастап өткізіледі.
 

Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметшілердің қос азаматтыққа ие болуының екі фактісі туралы білеміз. Олар: Шымкент қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Олег Владимирович Почивалов және ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы, мемлекеттік инспекторы. Бұл екі азамат қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды", - деді Ерлан Сапаров.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны