04.10.2022, 15:05 8926

Қостанай облысында өрттен кейін орман алқабын қалпына келтіру жұмыстары басталады

АСТАНА. 4 ҚАЗАН - Биыл Басаман және Семиозерный орман шаруашылықтарында көшеттер отырғызылады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мухамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
 

Бүгін жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына бардым. Мұнда аудан аумағындағы орман питомниктерін араладым. Жалпы облыс аумағында ағымдағы ауданы 325,7 га болатын 10 питомник бар, оның ішінде 70,6 га өндіруші. Әрі қарай облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің басшыларымен кездесіп, олармен орман алқабын қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау мәселелерін талқыладық", - деп жазды әкім.

 
Әкімнің сөзінше, бөлімдерге Семиозерный, Басаман орман шаруашылығы мекемелерінің орманшылары тартылады, сондай-ақ облыстың орманшылары тартылатын болады.
 
Бұдан басқа, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өңірге қолдау көрсетіп, кеспеағаштарды бөлу бойынша көмек көрсету үшін 25 орманшы жіберілетін болады.
 
Жалпы кеспеағаштардың бөлінуіне 106 адамды тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, ағаш дайындауға орман шаруашылығы мекемелерінің күштерін тарту жоспарланып отыр, 105 адам жіберіледі.
 
Әкімнің айтуынша, биыл Басаман және Семиозерный орман шаруашылығында көшет отырғызу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте Қостанай облысында 8 күнге созылған орман өрті жойылды. Өрт 2 қыркүйекте Әулиекөл ауданында басталған. Өрт басталғаннан бері жалпы аумақ 43 мың гектарды құрады.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны