15.03.2023, 11:19 35616

Парламент жер комиссиялары институтын тарататын заң қабылдады

Бұл бастама жер учаскелеріне құқық берудің электрондық форматы енгізілгеннен кейін іске асырылады
Астана. 15 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша түзетулерді екі оқылымда қабылдады.

Бұл бастама жер учаскелеріне құқық берудің электрондық форматы енгізілгеннен кейін іске асырылады. Сенат бүгін осындай заң жобасын қабылдады.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың, облыстық және аудандық жер учаскелеріне құқық берудің электрондық форматы енгізілетін болады. Ол "электронды үкімет" веб-порталы арқылы іске асады.

Онда жариялы түрдегі кадастрлық карта арқылы қала құрылысы мен мемлекеттік органдардың өзге де мәліметтерін цифрлық ақпарат түрінде көруге болады.

Сондай-ақ, заң жобасында жер учаскелеріне қатысты құжаттарды қарау және келісу ұзақтығы 1 жылдан 30 күнге дейін қысқарту қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Антикор жерді жалға беру кезінде қағазбастылық пен негізсіз бас тартуға тап болған 70-ке жуық кәсіпкердің құқығын қорғады. Жергілікті атқарушы органдар Жер кодексінің нормаларын өздігінше түсіндіріп және уақыт созып, жер комиссияларының қарауына жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер жолдаған. Жер кодексінің 12-бабына сәйкес, комиссияның мұндай өкілеттіктері жоқ.

Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны