20.09.2022, 15:30 9731

Президент Digital Nomads IT-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

Президент Digital Nomads IT-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті
НЬЮ-ЙОРК. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ақорданың мәліметінше, бейресми жағдайда өткен кездесуде Қазақстанда ІТ саласын дамыту перспективалары мен қазіргі әлемдік үрдістер талқыланды.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақстан дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.
 
Сонымен қатар кездесуде Taskabbit.com компаниясының стратегия және даму жөніндегі жетекшісі Әсет Әбдуәлиев, DCVC компаниясының венчурлық инвесторы әрі директоры Анна Фокина, Google компаниясының инженер-программисі Арай Сабыржан және Booking.com компаниясының менеджер-программисі Әлібек Датбаев сөз сөйледі. Олар Президентке шетелдік компаниялардағы жұмыстарынан алған әсерін айтып, отандық ІТ саласын одан әрі дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді.
 
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Nomads өкілдеріне табыс тілеп, олар еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны