26.04.2023, 11:30 5551

Президент ҚХА кезекті сессиясына қатысады

Президент ҚХА кезекті сессиясына қатысады
Сурет: akorda.kz
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы екі күн - 26-27 сәуірде өтеді

Астана. 26 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясына қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы екі күн - 26-27 сәуірде өтеді.

Сессия жұмысына 1000-нан астам адам қатысады: Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҮЕҰ, дипломатиялық корпус, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қазақстандық және шетелдік БАҚ.

26 сәуірде сессияның бірінші күні Назарбаев Университетінде сессия делегаттары мен кең ауқымды сарапшылардың қатысуымен секциялық пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

27 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық сессия өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ТоқаевҚХА

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны