29.09.2022, 14:37 25426

Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін беру туралы Заңға қол қойды

Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін беру туралы Заңға қол қойды
АСТАНА. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұл Заң Тәуелсіздік күніне мемлекеттік мереке мәртебесін беруді де қарастырады.
 
Сондай-ақ, Заңда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, қазан айында Республика күніне байланысты демалыс күндерін ауыстыру жоспарлануда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны