06.05.2021, 21:40 18216

Президент жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. 6 МАМЫР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, генерал-лейтенант әскери атағы: Құсайынов Марат Рақымұлына, Шпекбаев Руслан Нұртөлеуұлына берілді.
 
Генерал-майор әскери атағы: Аймұрзин Айдар Асфандиярұлына, Ақбалин Рүстем Нұрсұлтанұлына, Алдияров Нұрлан Қапанұлына, Ахмадиев Алмаз Шұғайұлына, Борамбаев Серік Жақсығалиұлына, Күшікбаев Мереке Мәтімұлына, Үштаев Қуанышбек Өскенбайұлына берілді.
 
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Дуанбаев Айбар Аманбекұлына, Қоңқашев Шыңғыс Рахатұлына, Сейсембаев Руслан Темірғалиұлына берілді.
 
Полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Баймұқашев Мұрат Қалибекұлына, Бекиев Оңал Ботайұлына, Дәрменов Ақынқали Дәуітбайұлына, Заппаров Арыстанғани Расылханұлына, Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлына, Төлебаев Марат Сағынтайұлына берілді.
 
Әділет генерал-майоры арнаулы атағы: Ешмағамбетов Жанат Болатұлына берілді.
 
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Әбдіханов Қайрат Әлиханұлына, Бақашбаев Жарқынбек Кендірбекұлына, Қожабаев Мақсат Аманқұлұлына, Шалабаев Серік Рысқалиұлына берілді.
 
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы: Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлына берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны