15.02.2023, 09:08 19281

Прокуратура 12 заңсыз онлайн-казиноны анықтады

Сондай-ақ есірткі, порнографиялық материалдарды жарнамалайтын және суицидті насихаттайтын сайттар бұғатталған
Қонаев. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы облысының прокурорлары 12 заңсыз интернет-казиноның қызметін тоқтатты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
 

Алматы облысының прокуратурасы интернет кеңістігінің мониторингі барысында еліміздің барлық аумағында қол жетімді 12 интернет-казиноның (istory, legzo.casino, izzicasino, roxcasino, jet.casino, sol100.casino, fresh.casino, marvelousplay, superboss, caadrs, go24-cllub, kaea) қызметін анықтап, жолын кесті. Республика аумағында электронды және интернет-казино қызметіне заңнамалық тыйым салынғанына қарамастан, онлайн режимдегі сайттар құмар ойындарды заңсыз ұйымдастырған", - деп хабарлады прокуратура.

 
Осыған ұқсас тәсілмен облыс прокуратурасы есірткі құралдарын сатумен, порнографиялық материалдарды заңсыз насихаттаумен, төлем жүйелерінің жалған түбіртектерін дайындаумен, суицидтерді насихаттаумен және есірткі заттарын жеткізу-тасымалдау жұмысына орналастыру туралы хабарландырулармен айналысатын басқа да заңсыз интернет сайттарды бұғаттауға шаралар қабылдады.
 
Ведомство облыс аумағында Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен "Киберпатруль" қадағалау-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатқанын еске салды, ол қауіпсіз интернет-кеңістік құруға, интернет сегментіндегі құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және осы бағыт бойынша халықпен ағартушылық жұмыстарға атқаруға бағытталған.
 

Заңсыз интернет-сілтемелері анықталған жағдайда төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Ұялы телефон: 8-778-200-20-43; Whatsapp, Telegram: 8-708-505-50-22", - делінген прокуратураның хабарламасында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны