22.02.2022, 19:02 17566

"QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының м. а. тағайындалды

"QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының м. а. тағайындалды
Сурет: QazaqGaz
НҰР-СҰЛТАН. 22 АҚПАН - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасымен келісім бойынша «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Жаркешов Санжар Серікбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "QAZAQGAZ" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасымен келісім бойынша «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Жаркешов Санжар Серікбайұлы тағайындалды.

Жаркешов Санжар Серікбайұлы 1986 жылы Қарағанды облысының Атасу кентінде дүниеге келген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Қаржы" мамандығы бойынша және Техас Университетін (Остин қ., АҚШ) «Мұнай-газ инжинирингі» мамандығы бойынша бітірген.

2008 – 2010 жылдары «Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының» химиялық технологияларды қолдану жолымен мұнай-газ беруді арттыру жөніндегі инженер-зерттеуші болып істеді, Остин қ., Техасс шт. (АҚШ).

2010 – 2016 жылдары «ExxonMobil» корпорациясында Калифорния, Колорадо, Техас (АҚШ) штаттарында және Атырау облысында бұрғылау инженері, Иракта – бұрғылау аға инженері, Ресей Федерациясында – бұрғылау бас инженері (Сахалин аралы), Атырау қаласында – «Қашаған» жобасының мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысында ұңғымаларды жайластыру жөніндегі аға жобалау инженері болып жұмыс істеді.

2016 – 2018 жылдары – Шотландияның Перт қаласындағы «Merlin ERD» компаниясында кәсіпшілік супервайзерлердің жетекшісі және бұрғылау жөніндегі жетекші инженер болды.

2018 – 2019 жылдары – Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты (АҚШ) және Ұлыбританиядағы жобаларда «McKinsey and Company» Лондондық офисінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы кеңесшісі және жаһандық сарапшысы болды.

2019 – 2020 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар   вице-министрі, геология саласына жетекшілік етті.

2020 жылғы мамырдан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін – «Нафтогаз УГВ» Бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары – Украинаның «Нафтогаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының «Барлау және Өндіру» дивизионы директорының орынбасары.

С.С. Жаркешов Британдық Инженер-Механиктер Институты Кеңесінің мүшесі, Британдық «Кәсіпқой-Инженер «Chartered Engineer» атағының иегері.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны