16.03.2022, 17:46 28921

ҚР-да Конституциялық сот құрылады

ҚР-да Конституциялық сот құрылады
НҰР-СҰЛТАН. 16 НАУРЫЗ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында Конституциялық сот құру туралы бастаманы қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар. Оған кез-келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме тиімді қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін", - деді Президент сәрсенбі күні Қазақстан халқына Жолдауында.

 
Сондай-ақ, Тоқаевтың айтуынша, алқабилер сотының қарауына берілетін істердің санаты кеңейтіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны