03.05.2022, 15:37 19531

ҚР-да Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАМЫР - Қазақстан Республикасында Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
 
Комиссия қызметінің мақсаты өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру болып табылады.
 
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
 
Комиссияның негізгі міндеті:
 
1) өнеркәсіптік саясаттың стратегиялық басымдықтары мен негізгі индикаторларын айқындау бөлігінде оны қалыптастыру;
 
2) өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру;
 
3) өңдеуші өнеркәсіп саласындағы өнеркәсіптік саясатты, оның ішінде кластерлік бастаманы іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдері;
 
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, күшін жою және қайта қарау;
 
5) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылымның элементтерін енгізу;
 
6) елдегі индустриялық ахуалды жақсарту;
 
7) өнеркәсіптегі инновациялық және технологиялық дамуға жәрдемдесу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
 
Құжаттың толық мәтінімен "Әділет" АЖ сайтында танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ҚРқұруВАК

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны