23.06.2022, 16:20 17621

ҚР Бас прокуратурасы экономикалық ресурстардың олигополиялық шоғырлануын анықтау ниетін мәлімдеді

ҚР Бас прокуратурасы экономикалық ресурстардың олигополиялық шоғырлануын анықтау ниетін мәлімдеді
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 23 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттерін атап өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бас Прокурор іс-шараға қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттерге аударды. Бұл – заңсыз шығарылған қаржы қаражатын елге қайтару бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау.
 

Оларды іске асыру отандық экономиканы сауықтыруға, кірістерді әділ бөлуге және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мультипликативтік әсер етуі тиіс", - деп атап өтті Бас прокуратурада.

 
Шаралар кешенін талқылай отырып, капиталды елден заңсыз шығаруды болдырмау және құқыққа қарсы жолмен алынған ресурстарды қолында шоғырландырған санаулы адамдар шеңберінің заңсыз баюы үшін жағдайларды жою алғашқы кезектегі шаралардың бірі деп танылды.
 
Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, олигополия субъектілерінің активтерді мемлекетке қайтару мүмкіндігі туралы ұсыныс қаралды.
 
Бұл ретте, Б. Асылов Комиссияның жұмысы адал кәсіпкерлер үшін бөгет болмауы қажет екендігін атап өтті.
 

Барлық шешімдер тексеріліп, мұқият пысықталған соң ғана қабылдануы керек", - деді ол.

 
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия жұмысының басым бағыттары айқындалды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Комиссия Президенттің а.ж. 5 маусымдағы Жарлығымен құрылған болатын. Оның құрамына құқық қорғау, арнаулы және бірқатар орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның бірінші басшылары кіреді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны