21.10.2022, 14:39 9286

ҚР Еңбек министрлігі еңбек қатынастарындағы тілдік және ұлттық белгілері бойынша кемсітушіліктің жолын кесетін болады

Сондай-ақ, Еңбек министрлігі өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды.
ҚР Еңбек министрлігі еңбек қатынастарындағы тілдік және ұлттық белгілері бойынша кемсітушіліктің жолын кесетін болады
Астана. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастарында тең мүмкіндіктер мен төзімділікті сақтауды қамтамасыз етеді. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Үкіметінің қаулысына түзетулер жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеге толықтыру енгізу ұсынылады, оған сәйкес ведомство тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарын сақтауды және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және тілдік белгілері бойынша құқықтарға қысым жасауға жол бермеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алуын бақылайтын болады. Сондай-ақ, Еңбек министрлігі өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны