23.09.2022, 14:45 29606

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға түсініктеме берілді

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінде Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға түсініктеме берілді
АСТАНА. 23 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР ҰҚК Шекара қызметінде Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай туралы айтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан. Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда", - деп хабарлады Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

 
Ахуал ерекше бақылауда.
 

Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны