27.10.2021, 18:00 46178

ҚР Омбудсмендері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудағы қол сұғылмаушылық кепілдіктеріне ие болады

Уәкіл лауазымы сайланатын негізде бес жыл мерзімге тағайындалады.
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАЗАН - Қазақстанда қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартудың ерекше тәртібін қоса алғанда, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі заңнамалық деңгейде айқындалған. Омбудсменнің бұзылған адам құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Омбудсмен туралы заң жобасы Президент бастамашы болған саяси реформа аясында әзірленді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасын және оған ілеспе түзетулерін мақұлдау барысында айтылды. 
 
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл еліміз үшін өте маңызды, өте қажетті құжаттардың бірі екенін атап өтті.
 

Осы енгізілген өзгерістердің нәтижесінде омбудсменнің қызметін, өкілдігін, жалпы адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайтуға нақты қадам жасалып отыр. Бұл мемлекет және азаматтық қоғам арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге жаңа жол ашатыны сөзсіз", - деді Нұрлан Нығматулин. 

 
Нұрлан Нығматулин атап өткендей, адам құқықтарының бұзылуын қалпына келтіру бойынша омбудсменнің өкілеттіктері айтарлықтай кеңейді. 
 
Айта кету керек, бүгінде Омбудсмен институтын оның құқықтық мәртебесін, қызметінің қағидаттары мен кепілдіктерін, сондай-ақ адамның және азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі құзыретті заңнамалық деңгейде нақты айқындау арқылы одан әрі дамыту қажеттігі жетілдірілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны