26.05.2022, 17:37 28376

ҚР Парламенті Қырғызстанға әскери мүлікті өтеусіз беруді мақұлдады

Келісім бойынша әскери мүлік бір рет беріледі. Оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді.
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.
 
Келісім бойынша әскери мүлік бір рет беріледі. Оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді. Қазақстан тарапы мүлікті Қырғызстанның Қойташ елдімекеніне дейін автокөлікпен жеткізіледі. Шығынды өзі көтереді. 
 
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуынша, Қырғызстан тарапы алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалана алады, үшінші тарапқа бермейді. ТМД қатысушы мемлекеттерге қарсы қолданбайды.
 

Орталық Азияға іргелес аумақта шиеленіс болғанда, өңірлік қауіпсіздікке сын-қатер төнген жағдайда әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан қарулы күштерінің оған тойбарыс беруіне, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді", - деді Қамалетдинов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны