29.11.2022, 09:46 9036

ҚР Премьер-Министрі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы елеулі кемшіліктерін атап көрсетті

Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті
ҚР Премьер-Министрі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы елеулі кемшіліктерін атап көрсетті
Сурет: primeminister.kz
Астана. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты", - деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

 
Премьер-Министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.
 
Өз кезегінде Виджай Гоял "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді. Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты.
 
Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компания міндеттемелерінің орындаулы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.
 
Еске сала кетейік, 3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды.
 
Комиссия шахтадағы авария Д6 аса қауіпті шығарылатын қабатын ашу кезінде бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газдар мен көмір шаңының көп мөлшерінің шығуына байланысты, кенеттен газдинамикалық құбылыс салдарынан орын алды деген қорытындыға келді. Тұтануға әкелген негізгі себеп бұрғылау станогындағы №79 пикет ауданындағы металл бекіткіштер элементтерінен бұрғылау штангасының үйкелісі нәтижесінде ұшқынның пайда болуы, сонымен қатар көмір департаментінің және тікелей шахтаның инженерлік-техникалық персоналы тарапынан тиісті бақылау жұмыстарының сапасыздығынан, осындай апатты жағдайларға әкеп соқты. Мемлекеттік үкіметтік комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100%, қызметкерлердің кінәсі 0% екенін анықтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны