12.05.2022, 15:56 31001

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары зейнеткерлік жасын қысқарту мәселесіне қатысты пікір білдірді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары зейнеткерлік жасын қысқарту мәселесіне қатысты пікір білдірді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет Қазақстанда зейнеткерлік жасын төмендету мәселесін қарастыруды жоспарлап отырғанын айтты.
 

Мәселе (зейнеткерлік жасты төмендету туралы – ред.) талқыланады, бірақ объективті түрде айтсақ, оңай емес. Біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Халықаралық тәжірибе жалпы алғанда қысқарту туралы айтылмайды және бұл мәселені кеншілер ғана көтеріп жүрген жоқ. Бүгінде мүгедек баласы бар аналар да осы мәселені көтеріп жүр. Сондықтан да талқылаймыз", - деп келтіреді Тоғжановтың сөзін Zakon.kz.

 
Еске салсақ, Қазақстанда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас алты айға дейін ұлғайтылды.
 
Әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап көтеріліп келеді. 2027 жылға қарай бұл ерлердікі сияқты 63 жасқа жетуі тиіс.
 
Сонымен қатар, ол жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс қабылданатынын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
 

Әлеуметтік кодекс жыл аяғына қарай қабылданады. Оған дейін бірнеше талқылау жүреді. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр", - деді Ералы Тоғжанов. 

 
Айта кетейік, Қазақстан Халық партиясы әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету туралы ұсыны көтерген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны