30.08.2022, 14:28 11796

ҚР Президенті Қостанай облысына барады

Ол салтанатты іс-шараларға қатысады.
НҰР-СҰЛТАН. 30 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады", - деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

 
Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны