26.09.2022, 14:59 11431

ҚР СІМ ЛХР мен ДХР-да референдумдар өткізуге қатысты пікір білдірді

ҚР СІМ ЛХР мен ДХР-да референдумдар өткізуге қатысты пікір білдірді
АСТАНА. 26 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Луганск, Донецк, Запорожье мен Херсон облыстарындағы референдумға қатысты түсінік берді.
 

ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу жөнінде референдум өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады. Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңызы туралы мәлімдеді", - деді ол.

 
ҚР СІМ өкілі жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі жайында айтылғанын еске салады.
 

Біз саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды", - деді Айбек Смадияров.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны