14.02.2024, 14:23 82681

Рудныйдағы ұялы байланыс операторына интернеттің сапасының төмендігі үшін 10 млн теңге айыппұл салынды

Рудныйдағы ұялы байланыс операторына интернеттің сапасының төмендігі үшін 10 млн теңге айыппұл салынды
Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Рудный қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны