20.02.2025, 18:03 3261

ҚҚС мөлшерлемесін арттыру: Мәжіліске Салық кодексінің түзетілген жобасы енгізілді

ҚҚС мөлшерлемесін арттыру: Мәжіліске Салық кодексінің түзетілген жобасы енгізілді
Сурет: Depositphotos
Бүгін Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Inform.kz.

Ззгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:

  • Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету - 20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін;
  • Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру - 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
  • Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу - тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.

Осыған дейін Президент қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуі тиіс екенін айтқан болатын.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов сарапшылармен бірге салық реформасы мен цифрландыру арқылы әкімшілендіру мәселесінталқылады.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны