03.10.2024, 18:29 86016

СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда

СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес нашақорлыққа және есірткі қылмыстарынақарсы күрес бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы өңірде есірткі заттарымен байланысты 202 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Тиісінше 570 кг-дан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов қадағалау органының үйлестіруімен психоактивті заттарды зерттеуге арналған және синтетикалық препараттар бойынша жоғары дәлдік пен жедел зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа үлгідегі құрылғылармен жабдықталған зертхананың ашылғанын атап өтті.

Облыс прокуратурасы сараптамалардың барынша жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, синтетикалық препараттармен байланысты жаңа қауіптердің алдын алу үшін ғылыми базаны белсенді дамыту міндетін алға қояды.

Интернет-ресурстар арқылы есірткі және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Жастармен және жасөспірімдермен нашақорлыққа қарсы күрес бойынша кешенді іс-шаралар өткізілуде.

Мысалы, қыркүйек айында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің алаңында облыс прокуратурасының басшылығы орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқушыларымен (300 адам қамылды) есірткі заттарын тұтынудың және таратудың алдын алу бойынша кең ауқымды кездесу өткізді.

Қатысушыларға ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, түрлі сұрақтар қамтылды, оның ішінде есірткі заттарын қолдануға итермелегені үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны