11.04.2023, 12:46 56226

Сәтқалиев жаңаөзендік жұмысшылардың ереуіліне қатысты пікір білдірді

Қызметкерлерге жаңа компанияда кем емес жалақыға жұмысқа орналастыру ұсынылды, бірақ көптеген қызметкерлер бас тартып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына ереуілге шықты
Астана. 11 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ереуілшілер "ӨзенМұнайГаз" компаниясы өткізген тендердің күшін жоюды талап етіп отырғанын түсіндірді.

Қабылданған шараларға байланысты айтсақ, мен кеше "ӨзенМұнайГаз" өкілдеріне, "ҚазМұнайГаз" басшылығына біздің министрліктің өкілдерімен бірге өз ұстанымдарын мұнайшыларға түсіндіру туралы тікелей тапсырма бердім. Бүгін кешегі қызметкерлерге қосымша тағы да басқа қызмектерлер қосылды. Қазір талаптары түсініктірек бола бастады, яғни "ӨзенМұнайГаздың" еншілес компаниясы өткізген тендердің күшін жою талап етіліп отыр. Бұл жерде жекеменшіктегі қызмет көрсетуші компанияның қызметкерлері келгенін түсіну керек. Ол компания тендерде басқа бір жекеменшіктегі компаниядан ұтылып қалған. Бұл мәселе құқықтық алаңда шешілуі керек екені түсінікті", - деді ол.


Министрдің сөзінше, "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы осы тендердің заңдылығына талдау жасаған.

Маған берілген ақпарат бойынша, "Самұрық-Қазына" аталған тендер процедурасының қаншалықты дұрыс өткенін тексерген. "Тендер қолданыстағы ережеге, заңнамаға сәйкес өтті" деген қорытынды шығарылды. Демек, жеңімпаз компания тендерді заңға сәйкес, төмен бағамен ұтқан. Оның үстіне, баға айырмашылығы айтарлықтай болған", - дейді Алмасадам Сәтқалиев.


Министр шеруде тұрған жұмысшылар алдына оған қажеттілік болған жағдайда ғана шығатынын айтты.

Кеше диалог ұйымдастырылды. Бұл жұмыс жалғасады. Энергетика министрлігі тарапынан аталған еңбек дауын шешуге қажетті мүмкін шаралардың бәрі қабылданады. Мұнайшылардың алдына әзірге менің шығуымның қажеттілігін көріп тұрған жоқпын. Ондай қажеттілік бар екені айқындалса, шығамын. "ӨзенМұнайГаздың" әлеуметтік жауапкершілігі бар екенін ескерсек, бұл мәселені шешу үшін жергілікті әкімдік өкілдерімен алдын ала келіссөз жүргізілген. Жұмысшы мамандықтағы қызметкерлердің бәріне жаңа компанияға осыған дейін алған айлықтан кем болмайтын шарт бойынша жұмыс ұсынылған. Ол жерде айтарлықтай үлкен айлық болған. Көптеген жұмысшы ол ұсыныстан бас тартып, Энергетика министрлігінің ғимаратында пикет жасау туралы шешім қабылдады. Әңгімелесеміз. Министрдің орынбасары, жұмысшылардың құқығын қорғауға жауапты омбудсмен, басқа да шешім қабылдауға жауапты тұлғалар келіссөзге қатысып жатыр", - деді ведомство басшысы.


Еске салсақ, "Бералы Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері Астанаға келіп, кешеден бері тендерден ұтылған компанияның жұмыссыз қалған қызметкерлерінің мәселесін шешу бойынша бірнеше талап қойып жатыр.

Энергетика министрлігінің жаңаөзендік жұмысшылар талаптарына қатысты шешімін жақында жариялайтыны мәлім болды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны