25.06.2024, 16:27 27061

Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер саны 20% - дан астам қысқарады

3 төлемді бір төлемге біріктіру ұсынылады
Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер саны 20% - дан астам қысқарады. Бұл жөнінде ОКҚ алаңында өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Алып тастауға бірыңғай жер салығы (оның орнына ЖТС төленетін болады), 3 төлем (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін және жекелеген қызмет түрлерімен айналысқаны үшін лицензияларды пайдаланғаны үшін), алымдардың 6 түрі, сондай-ақ мемлекеттік баждардың 5 түрі ұсынылады. 3 төлемді (жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орманды пайдаланғаны үшін және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін) бір төлемге біріктіру ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны