17.01.2022, 17:29 42756

Самат Әбіш ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды

Самат Әбіш ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды
Сурет: ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. 17 ҚАҢТАР - Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Бұған дейін ҰҚК-де Әбіш ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқаратынын және "қазіргі уақытта жыл сайынғы демалыста" екенін хабарланған болатын.
 
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқандығы хабарланған болатын. Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Ерғожин ұсталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны