30.12.2021, 14:21 35176

Сенат Қазақстан Жоғарғы Сотының жаңа судьясын сайлады

Сенат Қазақстан Жоғарғы Сотының жаңа судьясын сайлады
Сурет: Қарағанды облыстық соты
НҰР-СҰЛТАН. 30 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Парламент Сенаты ҚР Жоғары сот кеңесінің Нұрсерік Шәріповті ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымын мақұлдады.
 

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынуын қарап, мынаны атап көрсетеді: Қазақстан Республикасы Жоғары сот Кеңесінің Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы Сенатқа Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына, 82-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 31-бабының 1-тармағына сәйкес енгізілді", - деді сенатор Владимир Волков.

 
Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов, 1965 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі бар. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облыстық сотының төрағасы қызметін атқарып келген. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны