07.10.2021, 18:10 42791

Сенат ТМД-ның бірлескен инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялады

Келісімде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындауға бірлескен бөлімшені тарту мүмкіндігі көзделген.
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Келісімде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындауға бірлескен бөлімшені тарту мүмкіндігі көзделген.
 
Мемлекеттердің гуманитарлық минасыздандыру саласы бойынша өзара іс-қимылы әскери ынтымақтастықтың маңызды тетігі болып саналады. Бұл құжат мина алаңдарын техникалық барлаумен және оларды минадан тазартумен айналысатын Бірлескен бөлімше қызметін қалыптастыру, қолдану және аяқтау тәртібін анықтайды. 
 
Осы ретте Келісімге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатына сәйкес, біздің еліміз ТМД-ға мүше емес үшінші мемлекеттің аумағына ұлттық инженерлік бөлімшені жіберу туралы мәселені қарайтын ескертпемен қол қойылғанын атап өткен жөн.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны