02.06.2022, 16:15 13236

Сенат зияткерлік меншік мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

ҚР Сенатының депутаттары зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады.
Сенат зияткерлік меншік мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сенат Төрағасы бұл заң зияткерлік меншік құқығын жетілдіруді көздейтінін атап өтті.
 

Заңда зияткерлік меншік құқықтары мен өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту мәселесі қарастырылған. Заңда ұлттық заңнаманы осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелердің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты нормалар да бар. Сондай-ақ енгізілген нормалар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу аясын кеңейтуге бағытталып отыр. Алдағы уақытта осы заң елімізде зияткерлік меншік нарығын дамытуға, азаматтарымыздың құқықтарын қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
Жалпы қабылданған заң уәкілетті органда, сараптама ұйымында және соттарда өтініш берушілер мен құқық иеленушілердің мүдделерін көздейтін патенттік сенім білдірілген өкілдер институтын жетілдіруге арналған. Сондай-ақ заң консультанттары мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне енгізіледі. Сол арқылы халықтың осал топтары өкілдерінің заң көмегін тегін алу мүмкіндігі пайда болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны