10.02.2022, 19:07 49546

ҰҚШҰ Орталық Азия елдерінде бірқатар оқу-жаттығулар өткізеді

ҰҚШҰ Орталық Азия елдерінде бірқатар оқу-жаттығулар өткізеді
Сурет: telegram/СЦК
МӘСКЕУ. 10 АҚПАН - Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс ведомстволарының өкілдерімен бірлесіп брифинг өткізді.
 
Брифинг барысында ҰҚШҰ қызметінің 2021 жылғы қорытындысы шығарылды. Бірлескен іс-шараларда ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы дағдарыстық жағдайларға ден қою тетіктерін жетілдіру бойынша да, оларды шешу үшін ұйымның әскерлерін қолдану бойынша да кең ауқымды міндеттер пысықталғаны атап өтілді.
 
Бұдан басқа, ұлттық контингенттердің ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді бейтараптандыру жөніндегі міндеттерді бірлесіп орындауға дайындығы көрсетілді.
 
2022 жылға арналған жоспарларда Қазақстан аумағында "Іздеу-2022" барлау күштері мен құралдарымен оқу-жаттығу өткізу, сондай-ақ "Эшелон-2022" материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдарымен арнайы оқу-жаттығу, Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңіріндегі дағдарыстық жағдайды реттеу жөніндегі міндеттерді пысықтаумен ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерімен "Өзара іс-қимыл-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілетін болады.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны