21.04.2022, 17:26 24461

ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі тағайындалды

Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды.
ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі тағайындалды
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 
Жәнібек Абдуләкімұлы Иманалиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі лауазымынан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны