07.08.2024, 20:36 65376

СІМ Бангладеш Халық Республикасына сапарға шықпауға кеңес береді

СІМ Бангладеш Халық Республикасына сапарға шықпауға кеңес береді
Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз", деп көрсетілген хабарламада.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны