06.03.2023, 12:27 28321

Сирия президенті Тоқаевқа жер сілкінісінен кейін көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты

Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды
Астана. 6 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад жер сілкінісінен кейін Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.
 
Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
 

Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды", - деп жазылған жеделхатта.

 
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркия аумағында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Соңғы мәліметтер бойынша, 45 мың 968 адам жер сілкінісінің құрбаны болды, оның 4 мың 267-сі сириялықтар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны