03.02.2023, 10:17 39931

Смайылов: Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының әлеуетін белсенді дамыту қажет

Екі ел көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалог Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салаларында жоғары қарқынды қамтамасыз етіп отыр
Смайылов: Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының әлеуетін белсенді дамыту қажет
Сурет: primeminister.kz
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Алматыда өтіп жатқан ЕҮАК отырысы аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын, транзиттік және екіжақты жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды, шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жоспарларды және басқа да бірқатар тақырыптарды талқылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов ҚР мен РФ арасында экономикалық кооперация қарқынды дамып, өзара сауда-саттық деңгейі арта түскенін және бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын айтты. Бұл ретте екі ел көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалогтың Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салаларында жоғары қарқынды қамтамасыз етіп отырғаны атап өтілді.

primeminister.kz

Кездесуде өткен жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскені айтылды. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияның даму қарқыны жақсы, оның аясында жалпы құны $1 млрд-қа жуық 26 бірлескен жоба іске асырылды. Бұған қоса құны шамамен $23 млрд болатын 84 ірі жоба іске асырылуда және пысықталу сатысында. Осы жобалардың аясында 24 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Бұл Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының зор әлеуетін көрсетеді, біз оны белсенді түрде қолдап, дамытуымыз қажет", - деді Әлихан Смайылов.


primeminister.kz

Өз тарапынан Михаил Мишустин екі ел үкіметтері тұрақты байланыста екенін және өзара мемлекетаралық байланыстардың аса маңызды міндеттерін уақытылы шешіп отырғанын атап өтті.

Негізгі басымдықтарымыздың бірі - Қазақстанмен қарым-қатынасты әрі қарай нығайта түсу. Біздің ынтымақтастығымыз достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық принциптеріне негізделген. Екі ел арасында өзара сауда-саттық табысты дамып келеді. Бұл ретте біз өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, көлік және басқа да салаларда жаңа өндірістік тізбектер құруды жеделдету маңызды деп санаймыз", - деді Михаил Мишустин.


primeminister.kz

Бір күн бұрын Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Қатысушылар ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны