29.11.2022, 11:11 9856

Смайылов Екібастұз ЖЭО-дағы технологиялық бұзушылықтарды тексеруді тапсырды

Смайылов Екібастұз ЖЭО-дағы технологиялық бұзушылықтарды тексеруді тапсырды
Сурет: facebook.com/pavlodarenergo
Астана. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Энергетика министрлігіне Индустрия министрлігімен бірлесіп, "Екібастұзжылуэнерго" мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Қыс басталмай жатып, осындай төтенше жағдай орын алып отыр. Барлық әкім бұдан қорытынды шығаруы тиіс", - деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

 
Ол Энергетика және Индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетикалық объектілерге толықтай техникалық аудит жүргізіп, Үкіметке тиісті ақпаратты енгізуді тапсырды.
 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғыртуға және жөндеуге бөлінетін қаражаттың нақты, мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алу керек", - деп санайды ол.

 
Оның айтуынша, Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керек. Апатқа себеп болған барлық мәселені тез арада шешу қажет.
 

"Апат қаупі" жоғары объектілер бойынша жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек. Барлық жылу және энергия жүйелерінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін осы объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізу керек", - деді министрлер кабинетінің басшысы.

 
Сонымен қатар, Ұлттық экономика, Энергетика және Индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындардан келіп түсетін әрбір өтінімді мұқият зерттеуі тиіс.
 

Әкімдер жылу беру маусымын тұрақты жеке бақылауда ұстасын", - деп қосты Премьер.

 
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз ЖЭО апатының салдарынан қала тұрғындары 30 градустық аязда жылусыз қалды. Қалада ТЖ режимі жарияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны