08.07.2022, 16:25 35236

Смайылов "Нұр-Сұлтан – Алматы" автожолының учаскесін реконструкциялау барысымен танысты

Жоба жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартып, қауіпсіз және жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.
Смайылов "Нұр-Сұлтан – Алматы" автожолының учаскесін реконструкциялау барысымен танысты
Сурет: primeminister.kz
ҚАРАҒАНДЫ. 8 ШІЛДЕ - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Нұр-Сұлтан - Алматы автожолының учаскесін реконструкциялау барысымен танысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әлихан Смайылов өңірде бірінші кезекте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын байланыстыратын "Орталық-Оңтүстік" халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі "Қарағанды-Балқаш-Сарышаған" автожолын (1492,4-2005 км учаскесі) реконструкциялау барысымен танысты", - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
 "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаевтың айтуынша, жобаны 2023 жылдың желтоқсанында толық аяқтау жоспарланған. 
 
Оның айтуынша, биыл жол жамылғысының құрылымдық қабаттарын төсеу, жасанды құрылыстарды монтаждау және жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жалғасады. Мәселен, республикалық маңызы бар "Қарағанды-Балқаш" және "Балқаш-Бурылбайтал" және т.б. автожолдарда кең ауқымды жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар барлық 8 учаскеде қайта басталды. 
 
Сонымен қатар көлік қозғалысы айналма және топырақ төселген жолдармен жүзеге асырылатын учаскелердің санын қысқартуға баса назар аударылады. Реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл трассалар төрт жолақты І техникалық санатқа сәйкес келетін болады. 
 

Жоба жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартып, қауіпсіз және жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді. Жаңартылған автожол Балқаш көлінің туристік кластерін дамытудың драйверіне айналады және жаңа жұмыс орындарын құруға ынталандырады", — деді Әлихан Смайылов. 

 
Сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек үкіметтік делегация мүшелерін өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын дамыту барысы туралы хабардар етті, оның нәтижесінде көлік әлеуеті артып, бірқатар жолдар жоғары техникалық санатқа ауыстырылуы тиіс. 
 
Үкімет басшысы баяндамамен танысып, облыс басшылығына бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны