10.05.2024, 13:02 93391

Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды

Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды
Сурет: gov.kz
Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен, "Атамекен" ҰКП-мен және зардап шеккен өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 2024 жылғы су тасқынының салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне (бұдан әрі - ШОБ) келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидаларын әзірледі.

Төлемдерін сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандырылған мүлікті қоспағанда, шағын және орта бизнес субъектілерінің жоғалған немесе бүлінген мүлкі үшін өтемақы беріледі.

Келесі шығындар өтелуге жатады:

Жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар) - ұсынылған ақаулық ведомосі, жобалау-сметалық және сметалық құжаттама бойынша.

Тауарлық-материалдық құндылықтар, негізгі құралдар (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) - айналымның не кәсіпкерлік субъектісі табысының орташа айлық сомасына байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде.

Жылжымалы мүлік - қалпына келтіру жөндеу сметасына сәйкес, мүлікті бағалау туралы есеп бойынша.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны