25.12.2024, 12:04 16246

Түркістанда Ясауи кесенесі төңірегіндегі құрылыс жұмыстары шектеледі

Түркістанда Ясауи кесенесі төңірегіндегі құрылыс жұмыстары шектеледі
Түркістанда Ясауи кесенесі төңірегіндегі құрылыс жұмыстары шектеледі, деп хабарлайды Төменгі палатаның баспасөз қызметінен.

Мәжіліс "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заңды Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау мақсатымен Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.

Мақсаты - Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны қорғау және рухани нысандардың бірегейлігін сақтау.

Заң аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қорғау аймағының шекарасынан 100 метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ тарихи ескерткіштермен ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша үйлеспейтін нысандардың құрылысына тыйым салынады.

Сондай-ақ қолөнершілер шығындарының бір бөлігі - 10%-нан 25%-на дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінен өтеу қарастырылған.

Түркістан қаласы әкімдігіне 27 қосымша өкілеттік, ал мәслихатқа 7 өкілеттік беріледі.

Ілеспе түзетулер аясында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны