02.02.2022, 16:49 19951

Табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы электрондық форматқа ауыстырылады

Табиғи монополиялар субъектілерінде бірнеше электрондық алаңдарда сатып алуды жүзеге асыруға қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды.
НҰР-СҰЛТАН. 2 АҚПАН - "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңына түзетулерді қабылдаумен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды Республиканың Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған сатып алудың бірыңғай терезесі электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелеріне толығымен көшу көзделген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінде атап өткендей, түзетулер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
 
Бүгінгі күні табиғи монополиялар субъектілерінде "Mitwork", "Евразиан тек", "Каспий тендер", "Электрондық сауда порталы", "ЕТБ электрондық сауда алаңы" және "ЕТС – Тендер" атты алаңдарда сатып алуды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды, олар Сатып алудың бірыңғай терезесімен интеграцияланған.
 
Осылайша, табиғи монополиялар субъектілерінде сатып алуды жүзеге асыру үшін алаң таңдау мүмкіндігі бар.
 
Осы өзгерістер кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, тариф реттеудің шығын әдісін қолдана отырып, тек тариф бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуына қолданылатындығын атап өту қажет (олар: мемлекеттік сатып алу, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық басқарушы холдингке тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарықта сатып алу, қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін сатып алу, тариф бекіту кезінде шығындары ескерілмейтін табиғи монополиялар субъектілерін сатып алу).
 
Осы түзетулерді іске асыру мақсатында Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.
 
Жаңа енгізулер ең алдымен сатып алу рәсімдерінің ашықтығын және әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті арттыруға бағытталған.
 
Бұдан басқа, сатып алудың жаңа форматы тапсырыс беруші мен өнім берушілер арасындағы тікелей байланысты жояды, сатып алуды жүргізуге табиғи монополия субъектінің уақытын және ресурстарын үнемдейді, сондай-ақ қағаз және т. б. шығыстарды қысқартады.
 
Сондай-ақ, басқа өңірлердің табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуға қатысу арқылы қатысатын өнім берушілердің тобы кеңейеді, сондай-ақ географиялық шекаралар алып тасталынады, бұл әлеуетті өнім берушілер тобын кеңейтуге алып келеді. 
 
Осылайша, бизнес өкілдерінің елдің барлық өңірлеріндегі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуға қатысу мүмкіндіктері кеңейтілуде.
 

Бұрын табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы өзінің интернет - ресурсында сатып алу процесінің әрбір сатысы туралы ақпаратты орналастыру арқылы электрондық нысанда, өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсыну арқылы жүзеге асырған болатын. Ал жаңадан енгізілетін түзетілер әлеуетті жеткізушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру және бизнес мүдделерін қорғау сияқты сатып алудың негізгі қағидаттарын іске асыруға ықпал етеді", - деп нақтылады ведомствода.

 
Табиғи монополиялар субъектілер Сатып алудың бірыңғай терезесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде емес сатып алуларды бұрынғы алаңда жүргізетін болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны