13.04.2023, 10:36 48891

Терроризмге қарсы және Экономикалық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары тағайындалды

Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
Терроризмге қарсы және Экономикалық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындау туралы өкімдерге қол қойды: ҰҚК төрағасының орынбасары - Терроризмге қарсы қызмет басшысы және ҰҚК төрағасының орынбасары - Экономикалық қауіпсіздік қызметінің басшысы, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды; Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны