16.03.2022, 18:09 35591

Тоқаев Қапшағай қаласының атауын өзгертіп, оны Алматы облысының орталығы етуді ұсынды

Тоқаев Қапшағай қаласының атауын өзгертіп, оны Алматы облысының орталығы етуді ұсынды
Сурет: businessmir.kz

НҰР-СҰЛТАН. 16 НАУРЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертіп, оны Алматы облысының орталығы етуді ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Алматы облысының агломерациясына қатысты түйткілдер көп екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу оңай емес. Облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Тоқаев Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды.

Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Бұл қадамдар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді деп санайды Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны