17.09.2021, 21:11 11256

Тоқаев Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ гуманитарлық хабын ұйымдастыруды ұсынды

ДУШАНБЕ. 17 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық хабын ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын. Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынамыз. Бұл қадам аймақтағы өткір мәселелерді шешу ісіндегі біздің Ұйымның рөлін арттыруға, сондай-ақ, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметіне үйлесімді түрде атсалысуға ықпал ететініне сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

 
Мемлекет басшысы бүкіл әлемде және Душанбедегі саммит алаңдарында кеңінен талқыланып жатқан ауған мәселесіне арнайы тоқталды.
 

Қазақстан болашақ Ауғанстанды өз ішінде және көршілес елдермен, шын мәнінде, бейбіт өмір сүретін тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет болады деп санайды. Тағдырдың тәлкегіне түскен осындай тарихи сәтте көпұлтты Ауғанстан халқы шектен тыс қиыншылықтармен бетпе-бет қалмауға тиіс. Ықпалы зор ШЫҰ бұл елде бейбітшілік пен келісімнің үстемдік құруы үшін белсенді рөл атқара алады және атқаруы қажет деп санаймын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана қазіргі қауіпке қарсы күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан өз тарапынан деструктивті идеология ағынының, есірткі тасымалының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшудің жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімізбен арадағы ықпалдастықты кеңейтеді", – деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Ауғанстан

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны