16.08.2021, 18:15 14453

Тоқаев Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ

НҰР-СҰЛТАН. 16 ТАМЫЗ - Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ауғанстаннан келген босқындар туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасныа сілтеме жасап.
 

Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады", - деп жазды Берік Уәли.

 
Бұған дейін БАҚ-та АҚШ Ауғанстаннан босқындарды орналастыру туралы өтінішпен Қазақстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға жүгінгені туралы ақпарат пайда болды.
 
 
Бұрын хабарланғандай, Талибан елдің бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны