22.09.2022, 16:10 36661
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды", - деп хабарлайды Ақорда.
Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.01.2025, 17:02 15981
Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты
Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Asyl Qala, бұл - 100-ден астам адам еңбек ететін арнаулы кәсіпорын. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 8 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 4500 шаршы метр тротуар жабындысын өндіруге жетеді. Құрылыстың екінші кезеңі аяқталған соң бұл көрсеткіш 9000 шаршы метрге дейін ұлғаяды.
Бүгінде аталған кәсіпорында шығарылған өнімдер Астана және еліміздің басқа да қалаларында пайдаланылады.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы автоклавты газ блоктарын шығаратын Uniton зауытымен танысты. Sensata Group құрылыс компаниясына қарасты кәсіпорын жылына 150 мың шаршы метр газ блоктарын өндіре алады. Жоба "Даму" қоры және Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылған. 110 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс индустриясы экономиканың маңызды бағыты екенін атап өтіп, жергілікті өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:51 16196
Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді
Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді, деп мәлім етті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады.
Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді.
2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңгеқарастырылғын, алушылар саны шамамен - 5 млнадам.
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары - 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы - 233 мыңтеңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;
- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін - 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты;
- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін, II топ - 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін, III топ - 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:49 18971
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі - АӘҚ) лицензиялау енгізілді. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады және ол: көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға; көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік беруге; АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады.
Лицензия алудың негізгі шарттары: санитарлық нормалар мен Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жарамды ғимараттың болуы; қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы; халықтың жүріп туруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және басқалар.
2024 жылдың қазан айынан бастап ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия алды талдау жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйымдарды лицензиялауға дайындау мәселелері пысықталды.
Лицензия алуға өтінім Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.
Лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:27 19486
Аграрлық колледжге Павлодарда заңсыз іріктелген жер учаскесі қайтарылды
Павлодар прокурорларымен аграрлы-техникалық колледж оқушыларына жер телімі қайтарып берілді, деп хабарлайды Павлодар обысының прокуратурасынің баспасөз қызметінен.
2014 жылы Шарбақты ауданының әкімдігінің қаулысымен аграрлы-техникалық колледжге жақын орналасқан ауданы 418 гектар жер телімі тұрақты пайдалануға берілген.
Студенттердің кәсіптік біліктілігін арттыру мақсатында осы жер телімінде жұмыс тәжірибесі өткізіледі.
Бірақ, 10 жыл өткеннен кейін аудан әкімдігімен ауыл шаруашылық тауарөндірушілерге жер телімін беру үшін бұрын қабылданған қаулыны жою туралы шешім қабылданған.
Осы көрсетілген жер телімінің орнына оқушыларға үнемі жүріп-тұруға қолайсыз, білім беру мекемесінен 10 км қашықтықта басқа жер телімін беру жоспарланған.
Сонымен, осы және басқа да заң негіздемелеріне сәйкес ЖАО-ның заңға қайшы шешімі жойылды, колледжге тиесілі жер телімі қайтарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:23 19771
ІІМ: 125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді
Полиция жаңа жыл қарсаңында және мереке күндері өткізілген рейд нәтижесімен бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасы фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау мақсатында 2024 жылғы 5 желтоқсан мен 2025 жылғы 3 қаңтар аралығында "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шаралар барысында полицейлер өртке қарсы қызмет бөлінісінің қызметкерлерімен бірлесіп, сегіз мыңнан астам рейд жүргізді. 1480 заң бұзушылық анықталды.
Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді.
Отшашуды пайдалану кезінде жарақат алу фактілерін болдырмау мақсатында төрт мыңға жуық ақпараттық материал жарияланды.
- Нұсқаулықта жазылған пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтаңыз. Қауіпсіздік шаралары сізге өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға мүмкіндік береді, - деді ІІМ өкілдері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:21 20036
2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның негізі себептерінің бірі - балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды.
Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды.
Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды.
Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:17 20596
Қарулы күштердің әскери қызметшісі әуе апатында зардап шеккендерді құтқарғандағы ерлігі үшін "Айбын" орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен төтенше жағдай кезінде шешуші әрекетке барғаны үшін Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің алыс радиомаркер пункті бөлімшесінің бастығы Нұрлан Ботағарин Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ақтауда кіші сержант Нұрлан Ботағаринге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай лайықты марапатын салтанатты түрде табыс етті.
Сөз кезегі Нұрлан Ботағаринге келгенде, ол ұшақ апатынан қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына көңіл айтты. Марапатқа алғысын білдірген әскери қызметші өзін батырмын деп санамайтынын алға тартты.
- Менің орнымда кез келген адам осылай әрекет етер еді. Сол сәтте менің ойымда өмір мен өлімнің арасында қалған жандарды арашалап алып қалу ғана болды, - деді ол.
Фотоға түсіп қалған әскери адамның кескіні - Ақтау маңына әзірбайжандық azal авиакомпаниясының ұшағы құлаған жерде кіші сержант Нұрлан Ботағариннің болғанының дәлелі.
Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларын құтқарғаны туралы Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің алыс радиомаркер пункті бөлімшесінің бастығы кіші сержант Нұрлан Ботағарин үнсіз қалуды жөн көрді.
Дегенмен БАҚ-та жарияланған суреттерде жауынгерді Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары таныды. Бірте-бірте оқиға орнында алғашқы болып жеткен адам ҚР Әскери-әуе күштері авиациялық базасының әскери қызметшісі кіші сержант Нұрлан Ботағарин екені белгілі болды.
Көлікпен бір шақырым қашықтықты жүріп өтіп, ол әуе кемесі апатқа ұшырағаннан сәтте бірден оқиға орнына жетеді.
Қайғылы жағдай орын алған күнін еске қайта түсіру қиын. Оның есінде далада ақ күртеше киген қыздың бейнесі қалып қойған. Осы кезде ол бірден аман қалғандар бар-ау деп ойлайды. Қыздың аман-сау екеніне көз жеткізген соң оны жақындап келе жатқан көліктерге жібереді де Нұрлан Ботағарин қираған әуе кемесінің екінші бөлігіне қарай жүгіреді. Төңкерілген авиалайнердің корпусына көтеріліп, ол ішке кіреді.
Көргенді сөзбен жеткізу қиын әрине, ауыр жарақаттары бар, ашық сынықтары бар адамдар ыңырсып, есеңгіреп жатты.
Бірінші сәтте Нұрлан Ботағарин оларға зиян келтірмей қалай көмектесуге болатынын ойладым дейді. Алайда бірте-бірте зардап шеккендерді шығарып алып, оларды Маңғыстау электр желілік компаниясының қызметкерлеріне бере бастады. Осылайша ол салоннан он шақты жолаушыны шығарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:08 20991
Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды
Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", деп көрсетілген Жарлықтың мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.01.2025, 12:08Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды 06.01.2025, 12:17 19731Қарулы күштердің әскери қызметшісі әуе апатында зардап шеккендерді құтқарғандағы ерлігі үшін "Айбын" орденімен марапатталды06.01.2025, 12:21 191712024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды06.01.2025, 12:23 18906ІІМ: 125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді06.01.2025, 12:27 18621Аграрлық колледжге Павлодарда заңсыз іріктелген жер учаскесі қайтарылды
31.12.2024, 18:33 142796Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:20 142656Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:31 142506Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:17 132531Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті31.12.2024, 18:09 123731Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
30.12.2024, 17:17 149271Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 142796Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:20 142656Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:31 142506Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:17 132531Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті