05.10.2022, 15:12 10256

Тоқаев: Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы аяқталуда

"Азаматтарымызға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында алдыңғы орында тұрған бизнес керек", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев: Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы аяқталуда
ҚАРАҒАНДЫ. 5 ҚАЗАН - Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы олигархиялық капитализм дәуірінің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті. Азаматтарымызға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында алдыңғы орында тұрған бизнес керек", – деді Мемлекет басшысы.

 
Президенттің айтуынша, мемлекет конструктивті диалогқа және өзара тиімді серіктестікке әзір.
 

Біз кәсіпкерлерге барлық жағдайды жасауды жалғастырамыз, еліміздегі инвестициялық климатты бірте-бірте жақсартамыз. Бұған ешкімнің күмәні болмауға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны