09.09.2022, 16:49 27316

Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 2022 жылдың 8 қыркүйегінде, өмірінің 97-ші жылында қайтыс болды. III Карл ресми түрде Ұлыбританияның королі деп ертең, сенбі күні, 10 қыркүйекте жарияланады. Ұлыбританияда он күндік аза тұту жарияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны