22.09.2023, 14:52 20281

Тоқаев Байденмен кездесуде АҚШ-тың Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы хаттаманы ратификациялауды қолдайтындығын жеткізді

Бұған дейін аталған хаттаманы Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания елдері ратификациялаған
Тоқаев Байденмен кездесуде АҚШ-тың Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы хаттаманы ратификациялауды қолдайтындығын жеткізді
Сурет: Akorda
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ басшысы Джо Байденмен кездесу барысында АҚШ-тың Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа теріс кепілдіктер туралы хаттаманы ратификациялаудың маңыздылығын атап өтті.

Орталық Азия - АҚШ" мемлекет басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде Тоқаев Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайтынын жеткізді.


«Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайтынын мәлімдейді. Біз қарусыздану және қаруды таратпау саласы бойынша жаңа тетіктерді дамытуды қолдаймыз. 2045 жылға қарай ядролық қарудан толық бас тартудың стратегиялық жоспары қазіргі көшбасшылардың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан ең маңызды үлесі болуы мүмкін»", - деп мәлім етті президент.


Бұған дейін аталған хаттаманы Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания елдері ратификациялаған болатын. Бұл қадам аймақтың ядролық қарусыз мәртебесін институттандыру процесін аяқтайды және ядролық қарусыздану мен таратпауды нығайту жөніндегі халықаралық күш-жігердің маңызды кезеңі болады.

Орталық Азия - солтүстік жарты шардағы ядролық арсеналдарды орналастыруға тыйым салынған жалғыз аймақ.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны