25.02.2021, 23:23 19108

Тоқаев: біз өскелең ұрпақты құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғауымыз керек

"Өскелең ұрпақтың денсаулығын "әлеуметтік кеселдерден" қорғау мақсатында кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынамын".
Нұр-Сұлтан. 25 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысы аясында кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тарту тақырыбын көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өскелең ұрпақтың денсаулығын "әлеуметтік кеселдерден" қорғау мақсатында кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынамын. Қажет болған жағдайда біз олардың лицензияларын қайтарып аламыз. Біз өскелең ұрпақты құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғауға тиіспіз. Мәселені шешу үшін жаңа әдістерді қолдану қажет", - деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны