01.07.2021, 20:47 14201

Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Годунова 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді. Құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын. 
 

Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және "Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады", - делінген хабарламада.

 
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны