22.02.2022, 18:46 17711

Тоқаев халықаралық жағдайдың шиеленісуіне байланысты дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеуді тапсырды

Тоқаев халықаралық жағдайдың шиеленісуіне байланысты дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеуді тапсырды
Сурет: Акорда
НҰР-СҰЛТАН. 22 АҚПАН - Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің бүгінгі отырысында Үкіметке халықаралық жағдайдың нашарлауына байланысты дағдарысқа қарсы жоспарды шұғыл қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің салдарынан ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты", - деп хабарлайды Ақорда.


Президент Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың, Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны